Маусым айында Қазақстанда жаңа баспананың жылдық бағасы шамамен 20%-ға өсті, деп хабарлады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (СЖРА) Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ).
«Қазақстанда 2022 жылдың маусымында жаңа баспананың жылдық бағасы 19,5%-ға өсті», - деп хабарлайды СЖРА ҰСБ.
Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтерлердің жылдық бағасы (2022 жылдың маусымынан 2021 жылдың маусымына дейін) 26,8%-ға, жайлы тұрғын үйді жалға алу құны – 21%-ға өсті.
Бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар жылдық мәнде бәрінен бұрын елордада – 27,9%-ға өсті, қайталама тұрғын үй нарығында баға өсімі бойынша Қызылорда қаласында – 46,7%-ға, жалға берілетін тұрғын үй нарығында – Алматы қаласында – 48,3%-ға өсті.