Атырау, 5 мамыр 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Біріккен газ-химия зауытында пропан беру басталды

1 959 просмотра

8 шілдеде “Самұрық-Қазына" компаниялар тобына кіретін Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы Атырау қаласындағы біріккен газ-химиялық зауытта іске қосу-реттеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталғаны туралы хабарлады.

KPI баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауытта технологиялық қондырғыларға пропан беру басталды. Келесі аптада компания іске қосу – реттеу жұмыстарының екінші кезеңіне - пропанды дегидрлеу реакторларына катализаторды жүктеуге кіріседі. Зауытта өндірісті іске қосу тамыз айына белгіленген.

Атырау маңындағы біріккен газ-химия кешені - Қазақстанның мұнай-газ-химия саласындағы алғашқы ірі жобасы.
Зауытта Теңіз кен орнынан жеткізілетін пропаннан полипропилен өндіріледі. Бұл - пластикалық жіп, құбыр, пленка, сөмке, медициналық және басқа да өнімдерді өндіруге арналған негізгі шикізат.
Зауыттың қуаты жылына 500 000 тонна полипропиленді құрайды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

9 шілде 2022, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.