Атырау, 18 мамыр 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қарақалпақстанда қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды

927 просмотра

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты елден шыға алмай қалған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды, деп хабарлады 24.kz Өзбекстан ІІМ Telegram каналына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қазақстандықтар мына телефон номерлеріне хабарласа алады: +9989 61 2248206, +998993858644. Байланыс желісі 7 күн бойы 24 сағат жұмыс істейді. 

Келесі мекен-жайда орналасқан штабқа баруға да болады: Нүкіс қаласы, Пушкин көшесі, 22А. Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимі 3 шілдеде басталды, 2 тамызға дейін жалғасады. 

Бұған дейін Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты 80-ге жуық қазақстандық бірнеше күн бойы Өзбекстаннан шыға алмай жатыр.

8 шілде 2022, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.