Атырау, 18 мамыр 22:23
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

WBC қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

1 107 просмотра

Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды Sputnik

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Сол арқылы табыс табуға шақырған.

2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасы жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, пирамидалық схеманың тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды.

Агенттік қазақстандықтарға қырағы болуға және ақшаны күмәнді қаржы институттарына салмауға кеңес берді.

27 маусым 2022, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.