Атырау, 18 мамыр 20:20
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар

1 183 просмотра

Аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы табысталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

«Егер Сізде оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, Агенттіктің телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз: call-центр 1424 +7 (7172) 909 260 +7 (727) 278 7300 +7 (707) 978 0808.

Масимовтың орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі!» - делінген ведомствоның мәлімдемесінде. 

Айта кетейік, сот Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған болатын. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялағаны хабарланған.

24 маусым 2022, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.