Атырау, 18 мамыр 21:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Karuan ЖШС-нің рейдерлік жолмен басып алынғаны туралы ақпарат тексеріледі

976 просмотра

Алматыда Экономикалық тергеу департаментіне Karuan ЖШС рейдерлік жолмен басып алынғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БАҚ өкілдерінен түскен сұрауларға ҚМА 2022 жылдың 17 маусымында Алматы қаласы прокуратурасынан Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне Нұрша Кәкеновтен Karuan ЖШС-нің рейдерлік жолмен алынғаны туралы хабарлама түскенін хабарлайды. Өтініште көрсетілген дәлелдер тексеруге жатады, оның нәтижелеріне құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Kozachkov offside Telegram-арнасында Нұрша Кәкенов Karuan ЖШС құрылтайшыларының бірі болғанымен, оның үлесін тартып алғаны туралы ақпарат пайда болған. Арызданушы өз шығынын 150 миллион долларға бағалған.

Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийі мәліметінше, ЖШС Маңғыстау облысындағы Маңғыстау (Айткөкше) кен орнында марганец барлаумен айналысқан.

21 маусым 2022, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.