Атырау, 18 мамыр 20:20
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Маңғыстауда 160-қа жуық өлі құс табылды

844 просмотра

Бірнеше бөлімнің мамандары құс өлекселерінен су, ауа және материалдар сынамаларын алды. Нәтижесі алынған үлгілерді зерттегеннен кейін белгілі болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баутино және Аташ ауылдарында шығанағы жағалаудан балықшылар 160-қа жуық өлі суқұзғын тапты, деп хабарлайды lada.kz .

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының аңшылық бөлімінің басшысы Тұрғанбай Шапағатовтың айтуынша, сарапшылар суқұзғын өлекселеріне адамның әсер етуінің физикалық іздерін таппаған.

Құс «Қызыл кітапқа» енбеген, оны ауламайды да. Мұндағы адамдардың бұған еш қатысы жоқ, бәлкім, қоршаған ортаға байланысты шығар. Экологтар құс өлекселерінен су, ауа және материалдық сынамаларын алды. Нәтижелер шыққан кезде сізге хабарлаймыз. Құстардың қырылуы екі-үш күн бұрын болған қатты дауылмен байланысты деп есептейміз.Тұрғанбай Шапағатов

Форт-Шевченко қаласының іргесіндегі тоғанда өлген құстардың көптігін облыс тұрғындары видеоға түсіріп алған. Оқиға орнында бірнеше ведомствоның мамандары болды. Нәтижелер алынған үлгілерді зерттегеннен кейін хабарланады.

21 маусым 2022, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.