Атырау, 10 мамыр 17:39
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Кезек азаймай тұр

5 199 просмотра

Бүгінгі күні Атырау облысында балабақшаға орналасу үшін 15771 сәби өз кезегін күтіп отыр. Жаңа бақшалар салынып жатса да, бұл кезек азаймай тұр.

Облыстық әкімдіктегі алқада облыстық білім беру басқармасының бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ хабарлағандай, өткен жылы 3 балабақша қолданысқа берілген: біреуі Құлсарыда, екіншісі облыс орталығының Жұлдыз ықшамауданында (екеуі де 280 орындық, республикалық бюджеттен қаржыландырылған), 160 орындық үшіншісі қала сыртындағы Ақжар селосында (Аджип компаниясының қолдауымен салынған). Сонымен қатар Құлсарыдағы «Балапан» бақшасына 120 орындық жалғама жергілікті бюджет есебінен салынды. Бұрынғы балабақшалар ғимараттарын мемлекеттік меншікке қайтару бағдарламасы бойынша Атырауда 420 орындық екі мекемеге жөндеу жасалып, қолданысқа берілді. Мектептерде жаңа шағын орталықтар ашылды. Жұмыс жасап тұрған 6 мемлекеттік емес бақшаға тағы 5 жеке балабақша қосылды – енді 11 бақшада 306 бала тәрбиеленіп келеді. Қорыта келгенде, бүгінде облыста 22 мың бала баратын 130 балабақша және 292 шағын орталық (5718) жұмыс істейді.

2013 жылы республикалық бюджеттің қаражатына280 орындық 7 балабақша құрылысы басталады: Құрманғазы ауданының Ганюшкино селосында, Махамбет ауданының Махамбет, Жылыой ауданының Қаратон селоларында, Жұмыскерде, Нұрсаяда, Көкарна ауылы мен Бірлік (Атырау) селосында бой көтермекші.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.