Атырау, 19 мамыр 00:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Күнбағыс майын экспорттауға қыркүйекке дейін квота енгізілді

879 просмотра

Елде қыркүйекке дейін күнбағыс майын экспорттауға квота енгізіледі. Шектеу көлемі 48 тоннадан аспауы қажет. Ал айына бір адамға 6 мың тоннадан артық өсімдік майын сыртқа сатуға болмайды, деп хабарлайды Отырар басылымы.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы тиісті бұйрығы 27 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Мамандар шектеу ішкі нарықта тауар бағасының өсуіне жол бермей әрі тапшылық тудырмау үшін енгізілгелі отырғанын жеткізді.

Жалпы Қазақстанда биыл күнбағыс майының өндірісі 67 500 тоннаға жеткен. Ал бағасы бір жылда 23-35 пайызға дейін өскен.

27 мамыр 2022, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.