Атырау, 15 маусым 01:23
 ашықВ Атырау +34
$ 450.79
€ 482.21
₽ 5.05

Жайықтан жан сақтаған жөн

4 292 просмотра

Күннің жылынуымен қабат судан құтқару қызметі қызметкерлерінің кәсіби сөз мәнерінде атыраулық балықшыларды анықтайтын жаңа термин сөздер пайда болған екен. Олардың айтуынша, қолдарына қармақ ұстағандар үш түрге бөлінеді: ақылды балықшы, ақымақ балықшы және агрессивті балықшы.

Міне, жақында ғана еріп жатқан мұз үстінде маусымдық түсіндіру жұмыстарын бастаған бес адамнан тұратын күзет тобы осылайша балықшылар туралы әзілдеді. Облыстық судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТІҢ айтуынша, мұз ендігі монолитті болудан қалды, демек, осал деген сөз. «Біздің қызметкерлеріміз мұздың қалыңдығын өлшеді, қазір ол 20 сантиметрден аспайды және ауыр салмақтарды көтере алмайтындай морт сынғыш күйде,-дейді Е.Қибашев. – Кей жерлерде мұзойықтар пайда болды. Ендігі жерде балықшылардың мұзға шықпағаны жөн. Енді екі аптадай уақыттан соң біз өзен бойымен катер арқылы мұздарды бұзуды ұйымдастырғалы отырмыз».

Қызмет мәліметтері бойынша, әзірге мұзға түсіп кеткендер тіркеле қойған жоқ. Қаңтардағы мұз астына батып кеткен «Нива» көлігіне қатысты қайғылы оқиға естеріңізде болар. Салондағы алты адамның бірі-алты жасар бала суға батып кеткен болатын.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В.Истомин

16 наурыз 2011, 21:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.