Бюджеттен теңгедегі депозит бойынша 10% өтемақы алу үшін қазақстандықтарға ешқайда барып қажет емес. Өтемақы автоматты түрде аударылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Адамдарға өздері барып қажет емес, яғни ешқандай өтініш керек болмайды. Ол автоматты түрде аударылады", - деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.