Атырау, 19 мамыр 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Үш соғыс ардагеріне «Халық қаһарманы» атағы берілді

1 617 просмотра

Төлеуғали Әбдібеков, Александр Несмиянов, Ыбырайым Сүлейменовтерге «Халық қаһарманы» атағы беріліп, ерекше марапат – «Алтын жұлдыз» және «Отан» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысына қатысушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

  • 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы

  • 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александрович

  • 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Сүлейменов Ыбырайым.

6 мамыр 2022, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.