Атырау, 19 мамыр 07:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Енді жеке куәлік пен төлқұжат аларда қалаған суретті таңдауға болады

1 571 просмотра

Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин алдағы уақытта ХҚКО-ларда құжаттандыру терминалдарын орнататынын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz.

– Былтыр 2,4 млн-нан астам қазақстандық ХҚКО арқылы жаңа төлқұжат пен жеке куәліктер алған. Қызмет ішінара автоматтандырылған, бұл қызметті әр ХҚО-да тек көші-қон полициясының екі қызметкері көрсетеді. Сонымен қатар клиенттер құжаттағы фотосуретінің сапасына көңілі толмай, жиі шағымданады. Сондықтан біз ХҚКО-ларда құжаттандыру терминалдарын орнатуды ұсындық. Құжаттау терминалдары биометриялық жүйемен және түсінікті интерфейспен жабдықталған. Азаматтар өз бетінше суретке түсіп, сәтті шыққан нұсқаны таңдап, көші-қон полициясы қызметкеріне өтінім жібере алады. Бүгінде мұндай терминалдарды пилоттық режимде іске қосуға қатысты ІІМ-мен бірлескен бұйрыққа қол қою жөніндегі мәселе шешіліп жатыр, – деді спикер.

Сүйеніш Әбділдин былтыр банктердің мобайл қосымшаларында көлікті қайта тіркеу қызметі іске қосылғанның арқасында автокөлікті тіркеу уақыты 15-25 минутқа дейін қысқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ спикер әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді банктердің мобайл қосымшалары арқылы алу жақсы дамып келе жатқанын, соңғы бір жылда Kaspi және Halyq Homebank қосымшалары арқылы 16 мың қызмет көрсетілгенін айтады.

5 мамыр 2022, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.