Атырау, 19 мамыр 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан утилизация алымының коэффициенттерін екі есе азайтты

1 349 просмотра

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 сәуірдегі бұйрығымен утилизация төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, автокөліктер мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларының утилизация алымының коэффициенттері екі есеге төмендетілді.

Сондай-ақ утилизация алымының коэффициенттері көлік құралдарының түрлері мен санаттарына да енгізілді.

Барлық төлем мөлшерлемелерін осы жерден көруге болады.

Бұйрық 2022 жылғы 14 мамырда күшіне енеді.

5 мамыр 2022, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.