Атырау, 19 мамыр 04:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жыл басынан бері 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1 004 просмотра

Жыл басынан бері 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4 502 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 92,4 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,2% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,3%), Маңғыстау (20,1%), Түркістан (10,8%) және Жамбыл (6,0%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,8%), Нұр-Сұлтан (6,8%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23%-ды және зейнеткерлер 13,9%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-ы жоғары білімді, 40,7%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ".

5 мамыр 2022, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.