Атырау, 19 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Түркістан облысында отбасылық жанжал кезінде күйеуі төрт баласының көзінше әйелін өлтірген

984 просмотра

Түркістан облысындағы отбасылық жанжал кезінде әйел қаза тапты, деп хабарлайды Otyrar.

"Отбасылық жанжал қайғылы жағдайға айналды. Ер адам әйелін ұрып-соғып, алған жарақаттарынан көп балалы ана оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға 29 сәуірде түнде болған. Полицияға марқұмның кәмелетке толмаған қызы мәлімдеді", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Тәркіленген заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Күдікті бұл әрекетін мойындады. Тергеу сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән - жайы анықталуда", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінен.
Тәртіп сақшылары күдікті Ордабасы ауданының тұрғыны полиция бөлімінде профилактикалық есепте тұрмағанын нақтылады. Олардың айтуынша, осы күнге дейін көршілерден немесе туыстарынан ешқандай шағымдар түспеген.

"Әкімдік өкілдері мен полиция бөлімінің басшылығы туыстарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де ата-аналары кәмелетке толмаған төрт баланы өз қамқорлығына алады деп мәлімдеді. Сондай-ақ балаларға психологиялық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

4 мамыр 2022, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.