Атырау, 6 мамыр 12:00
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Закиржан Кузиев ҚХА атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды

1 064 просмотра

Закиржан Кузиев Қазақстан Халқы ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ОСК мәліметінше, Кузиев 60,94 пайыз дауыс жинаған. Оның оппоненті Виталий Тварионас 30,12 пайыз дауыс жинады. Сайлаушылардың 5,88 пайызы бәріне қарсы дауыс берген. 

Айта кетейік, бұған дейін Закиржан Кузиев ассамблея төрағасының орынбасары қызметінен босатылған болатын.  

Закиржан Кузиев 1969 жылы 30 қаңтарда Алматыда туған. "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС бас директоры және "Универсал" ЖШС президенті болған. 

28 сәуір 2022, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.