Атырау, 6 мамыр 07:32
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ресейде 9 мамыр күні ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды

1 138 просмотра

Кемеров, Воронеж, Түмен облыстары, Ямало-Ненецк автономиялық округі, Пермь өлкесі, Тыва аумақтарында бұл тыйым қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 мамырда Ресейдің барлық аймақтарында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салу ұсынылды, шектеулер федералды деңгейге дейін жетуі тиіс, деп жазды РИА Новости.

Мемлекеттік Думаның депутаты Султан Хамзаев Ресей Федерациясының барлық субъектілерінің губернаторларына сауал жолдады.

Саясаткер атап өткендей, мереке күндері ішімдік ішу жанжалға, төбелес пен пышақтасуға ұласады. Хамзаевтың айтуынша, бұл бастама денсаулықты зиянды әдеттерден қорғауға да бағытталған.

Депутат бірқатар облыстар, соның ішінде Кемеров, Воронеж, Түмен облыстары, Ямало-Ненец автономиялық округі, Пермь өлкесі, Тыва өңірлері бұл тыйымды қабылдағанын атап өтті.

Мәскеу, Тверь, Смоленск, Иркутск, Иванов, Свердлов облыстары нормативті актілер енгізіп, мереке күндері алкогольді сатуға тыйым салады.

28 сәуір 2022, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.