Атырау, 6 мамыр 04:19
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қошанов Ресей мен Украинадан келген мигранттар легі туралы: Қазақстан тек ұтады

1 437 просмотра

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей, Украина және Беларусь елдерінен ағылған еңбек мигранттарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Менің ойымша, мұның жақсы жағын көруіміз керек. Бiзге бiлiктi мамандар келiп, өз орнын тауып, кәсiп ашып, жұмыс орындарын құрып, салық төлесе, Қазақстан бұдан тек ұтады деп ойлаймын, - деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері бұл ішкі нарықтағы бәсекелестікті де дамытатынын, қазақстандық бизнес бұған дайын болуы керегін айтты. Нәтижесінде халық бұдан ұтады, өйткені тауарлар мен қызметтердің сапасы жақсарады.

InDriver-дің бас кеңсесі бізге Мәскеуден көшіп келгенін білемін. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Менің білуімше, inDriver 600 қаланы қамтыған. Бұл бізге жаман ба? - деді Ерлан Қошанов.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта Қазақстанға қанша ресейлік пен украиндық келгенін мәлімдеген еді.

27 сәуір 2022, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.