Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ҚТЖ пойыз билетін онлайн қайтару қызметін іске қосты

1 435 просмотра

2022 жылдың сәуір айынан бастап жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ төлем әдісіне (қолма-қол/ақшасыз есеп айырысу) және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электрондық жол жүру құжаттары бойынша орындарды онлайн қайтару функциясын іске  қосты, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

"Егер жолаушы пойызды қалыптастыру станциясынан жөнелтуге дейін 1 сағаттан кем және электрондық билетте көрсетілген станциядан жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өтпесе, орынды онлайн қайтаруына болады.

Орынды қайтаруды рәсімдеу үшін сізге қажеті:

 1. BILET.RAILWAYS.KZ сайтының басты бетінде «Талап бойынша орынды қайтару» қосымша бетін таңдаңыз.

2. Сайтта барлық қажетті бағандарды толтырыңыз және орынды қайтару туралы түбіртекті жүктеп алыңыз.

Жолаушылар ақшалай қаражаттың жолаушыға электрондық жол жүру  құжатын (билетін) сатып алу тәсілі мен орнына байланысты белгіленген тәртіппен қайтарылатынын ескеруі тиіс" делінген хабарламада.

Орындарды қайтару туралы толық ақпаратпен компания сайтынан танысуға болады.

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін ақша қаражатын қайтару орын сату жүйесіне қайтарылған жағдайда жүргізіледі" деп хабарлайды баспасөз қызметі.

21 сәуір 2022, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.