Атырау, 18 мамыр 12:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресейлік миллиардер Қазақстан азаматтығын алады

1 557 просмотра
Ulysmedia.kz коллажы

Ресейлік миллиардер Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алатын болды деп хабарлады turkystan.kz.

DALA инсайд Telegram-арнасының хабарлауынша, ол Қазақстанның азаматтығын алуға дайындықты 5 жыл бұрын бастаған. Жақында Тимур Турлов Ресей азаматтығынан бас тартқан.

«Қазір оның Сент-Кис пен Невис аралының азаматтығы бар. Енді ол Қазақстан азаматтығын алу үшін бұдан да бас тартуы тиіс. Себебі Қазақстанда қос азаматтық жүрмейді», – делінген хабарламада.

Тимур Турлов – Freedom Finance холдингінің иесі. Оның құрамына банк, инвестициялық компания, сақтандыру компаниясы, брокерлік топтар кіреді.

19 сәуір 2022, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.