Атырау, 18 мамыр 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қаңтар оқиғасы бойынша 400-ден астам күдіктінің ісі сотқа жолданды

1 214 просмотра

Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 400-ден астам күдіктінің ісі сотқа жолданды, деп хабарлады ҚазТАГ ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовке сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда ішкі істер органы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, тәртіпті бұзушыларды анықтау және азаматтарға келтірілген шығынды өндіру мақсатында үлкен жұмыс атқарды, ол әлі де жалғасуда. Жедел және сапалы жүргізілген тексеру шаралары нәтижесінде 402 айыпталушыға қатысты 255 қылмыстық іс сотқа жолданды», - деді Әділов сейсенбідегі брифингте.

Оның айтуынша, ондай істердің ең көбі Алматыда – 183, Алматы облысында -46, Жамбыл облысы мен көліктегі транспорт департаментінен 10 қылмыстық іс сотқа жолданған.

«Осы іс бойынша азаматтарға келтірілген шығын Т95 млн. құраған. Бұл шығынның орны полиция қызметкерлерінің тоналған затты табуы және тәркілеуі, сонымен қатар ісіне өкінген күдіктілердің шығынның орнын жабуы есебінен толтырылды. Қабылданған шаралар бойынша Алматыда –Т65 млн астам, Алматы облысында Т16 млн., Жамбыл облысында Т3 млн астам және көліктегі транспорт полицейлеріне Т10 млн астам соманың шығыны өндіріліген», - деп нақтылады Әділов.

19 сәуір 2022, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.