Атырау, 18 мамыр 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Өзбекстан қазақстандық әуе компаниясының Самарқандқа рейс орындауына рұқсат бермеді

990 просмотра

FlyArystan әуе компаниясы рейстерді орындауға рұқсат берілмеуі себебіне байланысты Самарқандқа ұшуды тоқтатады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өкінішке қарай, Өзбекстанның әуе басшылығы қазақстандық компания жолдаған өтінішке рұқсат бермеген. Осыған байланысты 6 сәуірге жоспарланған рейс ұшпайды. Билеттердің толық құны қайтарылады немесе оны аптасына екі мәрте қатынайтын Түркістан-Ташкент рейсінің билетіне ауыстыруға болады. Бұдан кейін жағдай өзгеріп жатса, компания жолаушыларды хабардар етеді, делінген әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алда FlyArystan екі ел арасындағы мемлекетаралық мәмілені кеңейтіп, Өзбекстанға рейстер кестесін нығайтуға болатынына үміттеніп отыр.

7 сәуір 2022, 00:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.