Атырау, 18 мамыр 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресей Байқоңырды жалға алудан бас тартуы мүмкін бе?

1 255 просмотра

Ресей Қазақстанмен жоспарланған барлық ғарыш бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер министрден Ресей Байқоңырды жалға алудан бас тартуы мүмкін бе деп сұрады.

"Кеше Рогозин мырза ("Роскосмос" бас директоры Дмитрий Рогозин – Sputnik) жоспар өзгермегенін мәлімдеді. Олар Қазақстанмен одан әрі жұмыс істей беретінін және жоспарланған барлық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыратынын айтты", - деп жауап берді Мусин.

Айтуынша, Қазақстан ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізеді.

"Бізде шамамен 15-20 сәуірде олармен бірқатар мәселе бойынша келіссөздер жоспарланған. Соның ішінде алдағы жылдарға арналған перспективалы жобалар да бар", - деп нақтылады министр.

Мусин Ресей Байқоңырды жалға алып отырғаны үшін жылына 100 миллион доллардан астам ақша төлейтінін атап өтті. Келісімшарт 2050 жылға дейін бекітілген.

6 сәуір 2022, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.