Атырау, 18 мамыр 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қасым хан туралы «Ұлы дала таңы» фильмі 12 мамырда көрерменге ұсынылады

1 086 просмотра
Постер: Қазақфильм

Еліміздің тарихындағы елеулі тұлғаларының бірі Қасым хан туралы көлемді туынды Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақфильм кинокомпаниясы жақында көрерменге жол тартатын «Ұлы дала таңы» атты фильмнің постерін жариялады.

Премьера! Ақан Сатаевтың "Ұлы дала таңы" атты жаңа фильмінің ресми постері. Еліміздің тарихындағы елеулі тұлғаларының бірі Қасым хан туралы көлемді туынды. Аты аңызға айналған билеуші XV-XVI ғасырлар тоғысындағы қазақ халқының азаттық пен тәуелсіздік үшін күресінің символдарының біріне айналды. Дәл осы уақыт Қасым ханның арқасында қазақтың мемлекеттігі мен ұлы даланың өркендеген кезеңі саналады, – деп жазды компания.

Қазақфильм тарихи туындының ресми трейлерін жақында ұсынатынын хабарлады.

Фильмнің постерін қарасақ, Қасым хан болып белгілі актер Берік Айтжанов ойнайтынын байқаймыз. Постерде тарихи фильмнің 12 мамырда шығатыны жазылған.

6 сәуір 2022, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.