Атырау, 18 мамыр 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Дикий Арманның" қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды

992 просмотра

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты", - деді Жарылқасын.

Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев мына баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

- ҚК 287-бабы, 4-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру"; - ҚК 272-бабы, 2-бөлігі "Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу"; - ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы "Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу".

5 сәуір 2022, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.