Атырау, 18 мамыр 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ көшіп келді

1 046 просмотра

2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 3 078 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Sputnik.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 90,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Биыл қандастар Қазақстанға қай елдерден келді:

66,3% – Өзбекстаннан;

11,3% – Қытайдан;

10,9% – Түрікменстаннан;

2,2% – Моңғолиядан;

9,3% – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар қайда қоныстанды:

Алматы облысына – 30,2%;

Маңғыстау облысына – 19%;

Түркістан облысына – 11,4%;

Жамбыл облысына – 5,9%;

Алматы қаласына – 6,5%;

Нұр-Сұлтан қаласына – 7,1%;

Шымкент қаласына – 7,6%.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,7%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,2%-ті және зейнеткерлер 14,1%-ті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,5%-і жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 47%-і жалпы орта білімді және 1,8%-нің білімі жоқ.

5 сәуір 2022, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.