Атырау, 18 мамыр 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда белгілі дәрігерді атып кетті

1 289 просмотра

Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков 4 сәуір таңертең Алматының Бостандық ауданында қаза болды. Аталған дерек бойынша қаланың полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тергеу құпиясы сақталатынын ескеріп, Алматы полициясының баспасөз қызметі толық мәліметті ашпады. Соған қарамастан Sputnik Қазақстан тілшісінің дереккөзі қылмыс орнында не болғанын айтты.

"Күдікті Шумковтың пациенті екені анықталды. Дәрігер сәтсіз емдегендіктен, пациент оны өлтіруге бел буғанын айтты", - деді ақпарат көзі.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қылмыс орнынан қашып кеткен.

"Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы жедел уәкілдер көлік маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтап, камералар арқылы оның қозғалыс бағытын қадағалады. Полиция жасағы көлікті Шаңырақ шағын ауданында ұстады. Күдікті көлікте болған", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Қазір ұсталған адамға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, таңғы сағат тоғыз шамасында Алматының Бостандық ауданында белгісіз біреу қарудан оқ атып, оқиға орнында 47 жастағы ер адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

4 сәуір 2022, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.