Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялардың былығы ашылды

1 095 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Ғ.Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sputnik.

"Тергеу Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме теміржол желілері (соңғы километр) иелерінің ақша жымқырғанын анықтады", - делінген хабарламада.

"Аталған тұлғалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдегі қала құраушы кәсіпорындарға кіреберіс жолдарға қызмет көрсету тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған пайда тапқан, бұл халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері бағасының өсуіне әкелген", - деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Күдіктілердің кінәсін сот анықтайды.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жария етілмейді.

4 сәуір 2022, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.