Атырау, 18 мамыр 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

1 124 просмотра

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі болса, шлак тиелген 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі.

2022 жылғы 3 сәуір 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының  18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ведомствоның хабарлауынша, жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазір вагондарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін компания басшыларынан комиссия құрылды.

4 сәуір 2022, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.