Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресей қазақстандықтар үшін құрлық арқылы кірген кезде ПТР-сынамасын алып тастады

1 434 просмотра

1 сәуірден бастап қазақстандықтарға Ресейге құрлық шекарасындағы өткізу пункттері арқылы кіру үшін ПТР-тест тапсырудың және сауалнама толтырудың қажеті жоқ. Бұл туралы Ресейдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жаңа ереже ресейліктер мен ЕАЭО елдерінің азаматтарына (Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь) қолданылады. Тиісті қаулыға 2022 жылғы 31 наурызда елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойды.

"1-тармақтың бірінші абзацы "шетел азаматтарына" деген сөздерден кейін "Ресей Федерациясы мемлекеттік шекарасының құрлық учаскесі арқылы Ресей Федерациясына кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын", - делінген қаулы мәтінінде.

30 наурыздан бастап Ресей тарапы Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық учаскесі арқылы Қазақстанға шығуына шектеулерді алып тастады.

1 сәуір 2022, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.