Атырау, 18 мамыр 16:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті

Бейнежазба
1 185 просмотра

Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы полиция департаментіне қалада үш банк, екі сауда және ойын-сауық орталығы, әуежай және оқу орнына мина қойылды деген хабар түскен. Қазір қаланың шұғыл жедел қызметтері нысандарды тексеріп жатыр. 

"Алматы Полиция департаменті қызметкерлері нысандардың үшеуін тексеріп үлгерді. Ақпарат расталмады. Тексерісті саперлер арнайы техникамен жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында барлық нысаннан барлық қызметкер мен келушілер эвакуацияланды", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматы халықаралық әуежайы да ақпаратты растады.

"Әуежай терминалы аумағында бомба қойылғаны туралы ақпарат түскенін растаймыз. Қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды", - деді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері. 

Фото: Tengrinews.kz

31 наурыз 2022, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.