Атырау, 18 мамыр 16:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

1 065 просмотра

Қаржылық мониторинг агенттігі "Delta Bank" АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеу шараларын аяқтады. Бұл туралы Sputnik агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаеваға сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу материалдарына сәйкес, банк акционері Нұрлан Тілеубаев ақшаның қайтарылмайтынын біле тұра, кредиттер рәсімдеуге рұқсат берген. Сөйтіп, біраз ақшаны шығарған.

Тілеубаев "Forbes" журналы бойынша Қазақстандағы ықпалды бизнесмендердің қатарына енгенін атап өткен жөн.

"Тергеу кезінде күдіктілер мен олардың туыстарына тиесілі 48 миллиард теңгеден асатын мүлікке арест салынды. Соның ішінде 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлік нысаны мен 40 көлік құралы бар", - дейді Көшербаева.

Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федарациясы, Латвия мен Чехиядағы активтеріне тыйым салынды.

Қылмыстық әрекеттен келген шығынның жалпы көлемі 200 млрд теңге, 200 млн доллар мен 4 млн еуродан асып кетті.

Қазіргі кезде барлық материал сотқа жолданды. Күдіктілер қамауда отыр.

31 наурыз 2022, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.