Атырау, 18 мамыр 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Доллар тағы 10 теңгеге арзандады

1 357 просмотра

Қазақстан қор биржасында (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 10,13 теңгеге төмендеп, 473,61 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 76,28 теңге болса, ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,20 теңгеге көтерілді.

Соңғы күндері еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ, оның бағамын Ұлттық банк 531,87 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 465-474 теңгеден, еуро 518-525 теңгеден, рубль – 5,1-5,6 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.

29 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 1,40%-ға арзандап, барреліне 104,48 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 1,33%-ға арзандап, барреліне 108,03 долларды көрсетті.

29 наурыз 2022, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.