Атырау, 4 мамыр 15:49
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Мұхтар Тайжан жаңа партия құратынын мәлімдеді

1 209 просмотра

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жаңа саяси партияны құруға кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгіннен бастап жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін бүгінгі билік, яғни бүгінгі залда отырғандардың - мәжіліс, сенат және үкіметтің 80-90%-і сөзсіз ауысуы керек", - деп жазды Тайжан өзінің Facebook парақшасында.

Ол жаңа партияның атауын да жариялады. Билікке келу үшін Amanat-ты (бұрынғы Nur Otan) жеңуге мүдделі.

"Ол үшін біз - ел мен ұлт жанашырлары жаңа партия құрып, келесі сайлауда Amanat партиясын адал жарыста жеңіп билікке келуіміз қажет! Біздің жаңа саяси партиямыздың атауы JER QORGANY болсын. Жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті деп білемін. Жерімізді қорғай алсақ, ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз", - деп атап көрсетті Тайжан.

Жаңа партияны ұйымдастырушы өз жақтастарын саяси ұйымның сайтына өтіп, тіркелуге шақырды.

16 наурыз 2022, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.