Атырау, 21 мамыр 22:43
 ашықВ Атырау +13
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Телемұнараға шабуыл ұйымдастырушы ұсталды - Бас прокуратура

1 563 просмотра

Бас прокуратураның баспасөз қызметі қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабарлады.

"Бас прокуратура а.ж. қаңтарда орын алған лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталды.

Атап айтқанда, тергеумен 2022 жылғы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыда қала әкімдігінің ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталды.

Аталған адамдармен ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған.

Олар полицейлерге дене жарақаттарын бұрын тартып алынған арнайы құралдармен (қалқандар, таяқшалар) жасаған.

Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке бастары анықталды.

Ағымдағы жылғы 1 ақпанда олар соттың санкциясымен қамауға алынды.Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланды. 2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер телеэфир ұйымдастыру мақсатында «Көктөбе» телемұнарасын басып алуды жоспарлап, ол үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға көндіре бастаған және қылмыскерлер олардың өміріне қауіп төндірген.1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің түсініктемелерімен дәлелденеді.Ол а.ж. 25 қаңтарда соттың санкциясымен қамауға алынды", делінген хабарламада. 

15 ақпан 2022, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.