Атырау, 22 мамыр 01:47
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

Стати ісі: Қазақстанның талап-арызы Нью-Йорк штатының сотына қайтарылды

1 113 просмотра

Нью-Йорктің федералды соты молдавиялық олигарх Анатол мен Габриэль Статидің алаяқтық әрекеттеріне қатысы бар Дэниел Чапмэн мен оның Argentem Creek ("Чапмэн") компаниясына қарсы талаптарды қайтару туралы Қазақстан өтінішін қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2022 жылы 11 ақпанда АҚШ округтік соты (Нью-Йорктің оңтүстік округі) қабылдаған шешімдер:

  • Қазақстанның Чапмэнге қарсы талаптарын Нью-Йорк штатының сотына қайтару туралы өтінішін қанағаттандырды;
  • Чапмэннің Қазақстан талаптарын қабылдамау туралы өтінішін талап қоюшының талап қою құқығын сақтай отырып, қабылдамады;
  • Чапмэннің Outrider талаптарын қарастырмау туралы өтінішін қабылдамады;
  • Чапмэннің Outrider талаптарын ХСП-дағы төрелік тәртіпте қарауды мәжбүрлеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

"Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды жеңіс. Ол Чапмэнге қарсы сот ісін жалғастыруға мүмкіндік береді. Нью-Йорктегі талап-арыз бойынша, Чапмэн Статидің алаяқтығын шамамен 2012 жылы анықтаған. Алайда оған қарсы құқықтық шаралар қолданудың орнына Қазақстанды және басқа да тұлғаларды алдау мақсатында Статимен заңсыз сөз байласқан", - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Ведомство мәліметінше, Статидің алаяқтығы - анықталған дерек. Ол Брюссель апелляциялық сотының 2021 жылғы қарашадағы шешімі бойынша расталған. Онда сот Стати Қазақстанға қарсы төрелік талқылауға дейін, талқылау барысында және одан кейін де алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келді.

Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі Марат Бекетаев бұл шешімді түсіндірді.

"Чапмэн кейінгі екі жыл ішінде америкалық соттың Қазақстан (және Outrider компаниясы) берген талап-арыздары бойынша ісін тоқтатуға және кейінге қалдыруға барынша тырысты. Америкалық сот алдымен Вашингтонда, кейін Нью-Йоркте Чапмэннің талабын қабылдамағанына және сот біздің талапты одан ары қарайтынына қуаныштымыз", - деді ол.

Жақында тағайындалған әділет министрі Қанат Мусин бұл жайт АҚШ сотында толық анықталатынына сенім білдірді.

14 ақпан 2022, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.