Атырау, 22 мамыр 06:34
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

"Жолаушылар тасымалы" Маңғыстауда ереуілге шыққан жолсеріктерге қатысты мәлімде жасады

1 461 просмотра

"Маңғыстау-Бейнеу" бағытындағы поездың жолсеріктері наразылық акциясына шығып, басшылықтан жалақыларын көтеруді талап етті.  "Жолаушылар тасымалы" АҚ Маңғыстау обылысында ереуілге шығып, жалақыны көтеруді талап еткен жолсеріктер жеке тасымалдаушы компанияда жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызметкерлері емес.

"Еңбекақыны көтеру туралы талап білдірген жолсеріктер жеке тасымалдаушы "Сарыарқа компани" ЖШС қызметкерлері. Бұл компания "Маңғыстау-Бейнеу" бағыты бойынша жүретін пойызға қызмет көрсетеді", - делінген хабарламада.

9 ақпанда "Маңғыстау-Бейнеу" бағытындағы поездың жолсеріктері наразылық акциясына шығып, басшылықтан жалақыларын 100 процентке көтеруді талап еткен болатын.

Олай болмаған жағдайда, жолсеріктер ел президентіне дейін шағымдануға дайын.

11 ақпан 2022, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.