Атырау, 21 мамыр 22:59
 ашықВ Атырау +23
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдары ашылады

1 312 просмотра

Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин ұзақ келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады. Қазақстан Президенті елімізде ең таңдаулы деген ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстанда инженерлік-техникалық кадрларға деген сұранысты ескеріп, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылғанын атап өтті.

"Келіссөздер барысында Владимир Владимировичке Ресей Федерациясының ең танымал университеттерінің, әсіресе техникалық университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашуға келісім бергені үшін алғысымды білдірдім. Олар Қазақстандағы білім беру саласына үлкен үлес қосады деп ойлаймын", - деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарының желісін кеңейту жөніндегі елеулі келісімдерді құптайтынын айтты.

"Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл - Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін", - деді Қазақстан Президенті.
11 ақпан 2022, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.