Атырау, 21 мамыр 18:18
 ашықВ Атырау +13
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Ерлан Әлімбаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды

1 160 просмотра

Ерлан Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен ұлттар ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен ұлттар ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды" – делінген Жарлықта.

1975 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін, Женева халықаралық қатынастар және дипломатия институтының магистратурасын тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • ҚР СІМ жүйесінде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Дипломатиялық қызметін Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің референті ретінде бастап, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі дәрежесіне дейін көтерілді. 2008-2010 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

  • Қазақстанның Үндістан және Корея Республикасындағы елшіліктерінде, сондай-ақ Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдарда ҚР Тұрақты өкілдігінде қызмет етті. Қазақстанның Үндістандағы елшісі болды.

    Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

II дәрежелі Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Ағылшын, француз, урду және хинди тілдерін меңгерген.

27 қаңтар 2022, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.