Атырау, 22 мамыр 00:59
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

Ерлан Қиясов Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды

966 просмотра


Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Қиясов 2020 жылдың қыркүйегінде Үкімет қаулысымен денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Қазақстан бас санитарлық дәрігері болып тағайындалған болатын.

27 қаңтар 2022, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.