Атырау, 21 мамыр 18:43
 ашықВ Атырау +13
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

"Оператор РОП" басқарушы директоры өлі табылды

1 092 просмотра

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті "ӨКМ операторы" ЖШС (Оператор РОП) басшыларының бірі Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды sputnik.kz.

Есіл ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша тергеуді бастады.

Қазіргі күні тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алдын ала болжам бойынша ол өзіне қол жұмсаған.

2021 жылдан Шәмшиев компанияның құқықтық мәселелері жөніндегі басқарушы директоры болған.

Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет", көліктік прокуратура және кеден органдарында қызмет етті.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстағанын жазған болатынбыз.

Олар жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді. БАҚ мәліметінше, Пірімқұлов пен Құмарғалиев елден кетуге оқталды.

26 қаңтар 2022, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.