Атырау, 21 мамыр 16:41
 ашықВ Атырау +18
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Жақып Марабаев ҚМГ басшысының орынбасары қызметінен кетті

1 413 просмотра

Жақып Марабаев еңбек шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетіп жатыр. Бұл туралы ҚМГ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жақып Нәсіпқалиұлына атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді. Атап айтқанда, ОПЕК+ міндеттері аясындағы шектеулерге және коронавирус пандемиясының кері әсеріне қарамастан мұнай сервистік қызметердің көлемі және ҚМГ компаниялары тобының өндіруші кәсіпорындарында өндірістің ағымдағы деңгейі сақталды.

– Соңғы екі жыл аса күрделі кезең болды. Коронавирус індеті барлық салаға өз зардабын тигізді. Пандемия бүкіл ресурстардың жұмылуын қажет етіп, әрқайсымыз үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен жаңа кезеңдегі өміріміз бен жұмысымыз біздің мықты тұстарымызды анықтап, бұдан арғы даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Ұлттық компанияның ұжымына және «ҚазМұнайГаз»-дың барша мұнайшыларына бірлесіп жасаған жұмысымыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Жақып Марабаев.

Жақып Марабаев мұнайшы әулетінен шыққан. Қырық жылдан астам мұнай-газ саласының жауапты лауазымдарында еңбек етті. Әр жылдары «ҚазақстанКаспийШельф» АҚ бас директоры, «ҚазақОйл» ҰК ЖАҚ вице-президенті, «ҚазТрансОйл» АҚ вице-президенті, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

25 қаңтар 2022, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.