Атырау, 21 мамыр 14:34
 ашықВ Атырау +18
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Қазақстанда Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

1 123 просмотра
Сурет: Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Жаңа құрылым Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында құрылып жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы президентінің кейбір актілеріне Қарулы күштердің бас қолбасшылары мен қолбасшыларын тағайындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

24 қаңтар 2022, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.