Атырау, 22 мамыр 07:54
 ашықВ Атырау +24
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

Тоқаев: Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жол беруге болмайтын деңгейге жетті

1 583 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жол беруге болмайтын деңгейге жеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, қаңтардағы оқиғалар жылдар бойы жинақталған проблемаларды ашты.

"Алдымызда барлық әлеуметтік құрылымды өзгертуге стратегиялық міндет тұр. Бізге Қазақстан азаматтарының мүддесіне сай келетін реформалар қажет, ел өзгерді және азаматтарымыздың экономикалық жүйеге және жалпы өмірге деген көзқарасы өзгерді.
Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жол беруге болмайтын деңгейге жетті. Сыбайлас жемқорлық фонында, өздеріңіз жақсы білесіз, кәсіпкерлер жақсы біледі, табыстардың мұндай стратификациясы оқ-дәрі толы бөшкеге жағылған сіріңке рөлін атқарды, оны террористер, содырлар және олардың артында тұрған келіссөзшілер пайдаланды", - деді Тоқаев Нұр-Сұлтандағы бизнес өкілдерімен кездесу кезінде.

Жарияланған әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі мен нақты жағдай арасындағы келіспеушілік сыни массаға ие болды, деп қосты Президент.

"Дәл осы себепті біз экономикалық саясатты қайта жүктеу бойынша бірлескен жұмысқа шұғыл кірісуіміз керек.
Ойынның жаңа ережесін анықтау қажет: адал, ашық, әділ. Мұны қалай дұрыс жасау керек, қандай құралдарды қолдану керек? Елімізде шектеулі элита топтары экономикалық өсуден ұта бастады, ал көпшіліктің табысы азаяды немесе тоқырады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


21 қаңтар 2022, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.