Атырау, 1 мамыр 13:14
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жүк жөнелтушілер бірқатар төлемдерден, алымдардан және айыппұлдардан босатылды

783 просмотра
Көрнекі сурет

"ҚТЖ" ҰК " АҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде төтенше жағдай кезеңінде жүк тасымалдауға байланысты айыппұлдарды, алымдарды және төлемдерді алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚТЖ" ҰК " АҚ-ның мәлімдеуінше, мұндай шешім "Темір жол көлігі туралы" ҚР Заңы аясында, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үндеуін ескере отырып қабылданған.

 Атап айтқанда, мыналар есептелмейді:

- жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін айыппұл;

- жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иелерінің кінәсінен болған, меншікті (жалға алынған) вагондардың бос тұрғаны, магистральдық, станциялық жолдарда контейнерлердің кідіргені үшін төлем.

Бұдан басқа, форс-мажорлық жағдайларға байланысты жүк алушыларға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланған сәттен бастап 48 сағаттан артық тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін алым 10 еселік емес, бір еселік мөлшерде алынады.

13 қаңтар 2022, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.