Атырау, 1 мамыр 17:03
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстанда карантин шарасы күшейтіледі - ВАК

1 808 просмотра

Ведомствоаралық комиссия инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитариялық-карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда:

  • «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға ғана сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен караокеге кіруге рұқсат беру туралы норманы ұзарту;
  • 13 қаңтардан бастап «омикрон» штамын ескере отырып, СПА-ға, спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға рұқсат беру;
  • 15 қаңтардан бастап вакцинациялану мәртебесіне қарамастан шетелден келгендердің барлығында теріс ПТР тестінің міндетті түрде болуы. 

Сондай-ақ «қызыл аймаққа» кірген Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында шектеу шараларын күшейту ұсынылды. Оның ішінде:

  • 30 адамның қатысуымен, Ashyq нысандарында өткізілетін еске алу шараларын қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • Ойын-сауық, мәдени ұйымдардың қызметіне, діни шараларды және әртүрлі конференциялар мен семинарларды өткізуге тыйым салу;
  • Қоғамдық тамақтану орындарындағы бір үстелдегі адамдар санын 4 адамға дейін азайту;
  • Оқушылардың онлайн форматтағы оқулары 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін, орта және жоғары оқу орындарының барлық курстағы студенттері үшін 2022 жылдың 6 ақпанына дейін;
  • Білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің жұмысын онлайн-форматқа көшіру;
  • Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс;
  • Әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі үшін қоғамдық көлік санын көбейту.

Кеңес соңында вице-премьер әкімдіктерге азаматтарды вакцинациялау және ревакцинациялау қарқынын күшейтуді, Үкімет қабылдаған шаралардың сақталуын бақылауға ерекше назар аударуды тапсырды.

12 қаңтар 2022, 22:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.