Атырау, 1 мамыр 17:47
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Аргентинада аптап ыстық орнады

902 просмотра

Мамандар бұндай құбылыс бұрын соңды ел тарихында болмаған деп отыр. Термометр бағаны +40 градусқа жеткен, деп хабарлайды Хабар 24.

Сарапшылар болса, бұл ел бірнеше сағат бойы әлемдегі ең ыстық орын болып тұрғанын айтады. Электр желілеріне артық күш түскендіктен, Буэнос-Айрестің 700 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды. Ел астанасының кейбір аудандарында ұялы байланыс үзіліп, бағдаршамдар жұмыс істемей тұр. Коронавирусқа қарсы тестілеу және вакциналау орталықтары жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Билік адамдарды күннің көзінде жүрмеуге шақыруда. Метеорологтар да ыстықтың беті әзір қайтпайды деп ескертіп отыр. 

– Мұнда климат қалыпты болатын, кейінгі жылдары температура көтеріле бастады. Біз мұндай ыстыққа үйрене алмай жатырмыз. Күні бойы литрлеп су ішемін. Жарық та өшіп қалған.

12 қаңтар 2022, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған