Атырау, 1 мамыр 14:29
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

БҰҰ Қазақстан билігін бейбіт шерулерге қатысқаны үшін ұсталғандарды босатуға шақырады

1 135 просмотра

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қазақстан билігін бейбіт шерулерге қатысқаны үшін ұсталғандарды босатуға шақырады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

"Қазір барлық өлім жағдайларын дереу, тәуелсіз және бейтарап тергеуді қамтамасыз ету өте маңызды Адамдар қауіпсіздік қызметінің пропорционалды емес күш қолдануы нәтижесінде қаза тапты ма, анықтау қажет", - деп атап өтті БҰҰ адам құқықтары жөніндегі басқармасының өкілі Лиз Троссель.

БҰҰ сарапшылары сонымен бірге биліктің демонстранттарға, азаматтық қоғам белсенділеріне, құқық қорғаушыларға және саяси партиялардың өкілдеріне қарсы "террористер" терминін кеңінен қолдануы "қоғамда қорқыныш себуді мақсат етуі мүмкін" деп санайды.

"Терроризм" терминін дұрыс қолданбау Қазақстандағы жалпы қауіпсіздікті бұзады және халықаралық құқық аясында белгілі бір мағынаға ие сөздің мағынасын бұрмалайды", - делінген БҰҰ арнайы баяндамашыларының мәлімдемесінде.

Олар "терроризм" сөзімен биліктің көзқарасымен келіспеген немесе елде жасалған әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қарсы шыққандардың аузын жабуға болмайды" деген пікірде. Олардың айтуынша, Қазақстанның Қылмыстық кодексінде осындай қызметпен байланысты зорлық-зомбылық актілерін сипаттайтын терминология көзделген және билік оны пайдалануға тиіс.

"Билікке наразылық білдірушілерге қатысты "террористер" терминін пайдалану лаңкестік бойынша заңдарды пайдаланып, халыққа оқ атуға, күш қолдануға мүмкіндік береді", – деді БҰҰ сарапшылары.

Ұйым "өлімге әкелетін қаруды қолдануға тек өзін-өзі қорғау жағдайында және барлық басқа әдістер таусылған кезде ғана рұқсат етіледі" деп атап өтті.

"Бұл қағидат Қазақстан аумағында осы ел билігінің келісімімен әрекет ететін шетелдік күштерге де тең дәрежеде қатысты", - делінген БҰҰ мәлімдемесінде.

БҰҰ Қазақстанға соңғы жылдары есеп беруді арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы еске салып, билікке адам құқықтары мен құқық үстемдігі қағидатын ілгерілету жөніндегі өз міндеттемелерін растауды ұсынды.

"Адам құқықтары саласындағы мәселелердің кері жылжуы Қазақстанның барлық азаматтары үшін теріс әсер етеді. Сонымен қатар әлемдік деңгейде ел үкіметінің беделіне нұқсан келтіреді. Заң үстемдігі мен адам құқықтарын сақтауға негізделген шешімдер бұл жағдайдан шығуға көмектеседі", – деді Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшылары.

12 қаңтар 2022, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған