Атырау, 1 мамыр 05:00
 бұлттыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Тоқаев Алматыға келді - баспасөз хатшысы

1 197 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза болған полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысқан кездесу өтті. Президент көңіл айтып, наградалар табыстады", - деді Берік Уәли.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығында жатқан зардап шеккендерге барып, олардың жағдайын білген.

Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары Алматыны аралап жүрген кортеж түсірілген видеоны жариялап жатыр.

12 қаңтар 2022, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.